Алдаспаным – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Алдаспаным» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 544
Алғанмен орын адам санатынан,
Жандар көп күн батырып, тан атырған.
Есті бар, сесті де бар оқ бойы озық
Елге еткен еңбегімен дара тұрған.
Бірі сен сол дараның адам атын
Асырған заңғарға абзал азаматым.
Ел деген ер тұлғасын таныттың да,
Ұрандай ұлтжандыға тарады атың.
Кетпейтін арындап та, құйындап та,
Қорғасын қалпың сақтап жиын топта
Еселі ел тағдыры турасында
Тек тұрып сөз тыңдаттың биік таққа.
Әкеліп ақиқатты ел алдына,
Тұрарды тірілткенің өз алдына,
Риза Ғабит аға аруағы да,
Бейнесі көптің мәңгі көз алдыңда.
Санасам еңбегің бар сала-сала,
Биіктеп шекпеніңнен аласада
Шығыпты, жетім бұрышта жүргендер де
Риза тағдыр қырын қараса да.
Көбейіп келешекте көпір жұлдыз
Құрысын тамұқ біткен қалмай бір із.
Мақсатқа жете берсін Алла жебей,
Соңыңнан Шерағалап ерген ұл-қыз.
Мерейтой құтты болсын алты асқарың,
Әмісе жарқын болсын алда аспаның
Жасай бер елі үшін жаны пида,
Жайсаңым, өткір алмас, алдаспаным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алдаспаным өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Алдаспаным өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алдаспаным өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алдаспаным өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері