Көлеңкемді қай сыныңа түсірдім? – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Көлеңкемді қай сыныңа түсірдім?» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 558
Көлеңкемді қай сыныңа түсірдім?
Мен өскеннен кімің кәне кішірдің?
Қадамыңа тұсау болып қайысыңды
Орға қарай қай биіктен ұшырдым?
Неге осы қоймайсыңдар шырақтар?
Әркімге арнап Алла жазған шырақ бар.
Кімнің шырағын кім сөндіре алады?
Тағдыр жазған әр шырақта тұрақ бар.
Артық болса қабілетім, ажарым,
Алла маған бөлген шығар назарын.
Сенің үлес несібең ол емес қой
Оның үшін неге көбейді азарың?
Мені күндеп бүлінгенше қуып жет
Қабілетіңді асыр дағы озып кет
Оның бірі келмес болса қолыңнан
Күн көрсеңші бейшара-ау жүріп тек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көлеңкемді қай сыныңа түсірдім? өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Көлеңкемді қай сыныңа түсірдім? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көлеңкемді қай сыныңа түсірдім? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көлеңкемді қай сыныңа түсірдім? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері