Біз де жас боп, кіші жолын өткенбіз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Біз де жас боп, кіші жолын өткенбіз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 665
Мен көрмеген не бар еді, кімің бар?
Дүрімсисің бірдеңе боп құның нар,
Тәрізденіп мықшиясың лауазым
Салмағынан бадырайып мінің бар.
Өмір заңы ол, мен егде сен жас бүгін
Алға ұстарың өзі тек сол жастығың.
Жас болады көкірегі көр, басы жел,
Жанаспайтын маңайына жақсының.
Біз де жас боп кіші жолын өткенбіз.
Үлкендерге құлдай кызмет еткенбіз.
Толмай тұрып Толстойлық дәметіп
Жұлқынбай-ақ осы халге жеткенбіз.
Ақыл шығар төрге шықтың жасыңмен
Теңгеріліп өнерлі, алғыр, асылмен.
Қабілетпен емес қолдау, қолпашпен,
Жөн-жосықты ажыратпас басыңмен.
Ақылың толмай жас деп әдейі көтерді.
Көрмей, сезбей жүрміз қандай бекерді!
Жетесізге жетпей желге кеткен сөз...
Қай айтқаннан қай олқылық өтелді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Біз де жас боп, кіші жолын өткенбіз өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Біз де жас боп, кіші жолын өткенбіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Біз де жас боп, кіші жолын өткенбіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Біз де жас боп, кіші жолын өткенбіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері