Бұл бетте «Адалдығы осы ма?!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
08.08.2021
0
0
615
Ауа лас, су лай
Аспан сұрғылт, жер тақыр
Адам бүгін сор маңдай
Қасірет біткен кеп жатыр.
Ядролық сынақтың
Кесірі енді білініп,
Ұрпақты бүгін жұтарман
Обыр қуып жеп жатыр.
Кеше Семей Бүгін бұл —
Лобнор дейді шығыста
Бардық... келді ол бізге...
Жәйім қайсы ұғысқан
Бүйіріңнен дүрсілдеп
Бүйрек түсерменде тұр
Адалдығы осы ма
Сыйлас көршің туысқан!
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі