Бұл бетте «Бұйырып тұрса үзім нан» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
08.08.2021
0
0
964
Бұйырып тұрса үзім нан
Кәпірдің қолынан да татасың.
Алланың болса әмірі
Жат топырақта да жатасың.
Бақ келіп қонса бармақтай
Шыққан тегіңе қарамай
Байлық теңізіне де батасың.
Ақсүйек болып айтулы
Ақылгөй болып та үн қатасың.
Тек жасыра алмайды
Уақыт емшінің өзі де
Ісіңнің барша қатасың.
Замандардан әрқашан
Сыр тартатын кемел бар
Сөйлейтін тіл-жақ болып
Өлең-жыр деген өнер бар.
Дүниенің ісі дүниеде қайтып,
Пәндәнің ешқандай ісі
Бақиға кетпейді деген бар.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі