Абырой – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Абырой» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1011
Ұлы қасиет-абырой мәнісі нар,
Абыройсыз қалса адам сағы сынар.
Абайламай оны өзі төгіп алса,
Оралуын жігіттің бағы сынар.
Абыройына сақ болар намысы бар,
Төкпеу үшін абырой жан ұшырар.
Шалыс басып қыз төксе абыройын,
Өлімдейін ұятқа елі ұшырар.
Аяқасты бұл күнде қыз намысы,
Абыройын төгіп жүр ұшар құсы.
Ұятты өлім санаған қайран қазақ
Шарасыздан тұншықты құрып мысы.
Ұқтың ба бұл сөз мәнін зиялы қыз,
ВУЗ бітірдің, биік ой-қиялыңыз.
Зерделедің парасат пайымдадың,
Соған сай ма әрекет зиятыңыз.
Көше бағып, күзетіп жол жиегін,
Қайда бұрдың көңіліңнің көкжиегін? 
Жан сақтарлық жалғыз жол сол болды ма,
Ойладың ба не дер деп жан күйерің?
Еуропадан сол ма тек алған үлгің?
Келсе тәуір ас ішіп, киім кигін,
Еңбек деген айтулы абырой бар
Қимасың сол ерекше келсе білгің.
Аз қиынға осынша сыр білдірдің,
Ұзақ тұрар деп едің бұл бұлдыр күн.
Қайсысынан артық ең базардағы
Қап арқалап күн көрген көп құрбыңның.
Түсер жолың зерделеп сол еді ғой,
Абыройды сақтауға қол еді ғой!
Ана сүтінен соңғы қорегің сол,
Тілегіңді сол ғана береді ғой.
Жақын-жаты сұқтанған келбетіне
Жақсы аты жайылған жер бетіне
Жаны таза, жүрегі періштедей
Түсірдің-ау қара дақ ел бетіне.

10.03.1999 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Абырой өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Абырой өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Абырой өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Абырой өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері