Ұлтым десем – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Ұлтым десем» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 837
Ұлтым десем, жөнелесің тайсақтап,
Ойынды іркіп, әлденеден бой сақтап.
Бүгін айтып, ертең қайтып сөзіңнен,
Айырыласың көрік басар көзіңнен.
Ата-бабам мирас еткен қайран жер,
Ортақ Отан көрінгенге ойлап көр.
Ығыстырып, ие болып, орнығып,
Кешегідей көрсетпей ме қорлығын.
Бұдан жаман шақта ірге бұзбадық,
Күнін көре берсін дедік, қызбадық.
Келімсекке Отан етіп, ырза ғып...
Таңдандырды мынау шүлен мырзалық.
Жаудан жерді қашан қорғап беріп ед?
Қара шекпен шеркей сүйреп келіп ед!
Отан етер сіңді қандай еңбегі?
Сағым сынды намысымды жерледі.
Ортақ Отан!
Құлағымды қарыды,
Қай айтқаным қай мықтыға дарыды?
Халық не дер деген бар ма қаперге ап
Есі барлар естігенде налыды.
Өз жерімде неге болам құрамдас,
Өз төріне өз ғана еркін шыға алмас.
Ертең киер құл қамыттан тартып бой,
Намыс қуып өлгенім мың артық қой!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұлтым десем өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ұлтым десем өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұлтым десем өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұлтым десем өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері