Гүл-гүл жайнап, күлсең ойнап – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Гүл-гүл жайнап, күлсең ойнап» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2020
  • 0
  • 0
  • 3306
Қалам алып хат жаздым сізге таман,
Бір хат жібер кешікпей, сірә, маған-ай.

Қайырмасы:
Қыздарда да қыздар бар,
Жарылмаған қауындай.
Жігіттерде жігіт бар
Базар тонның бауындай.
Гүл-гүл жайнап,
Күлсең ойнап,
Қыз, бозбала шағыңдай.

Қалам алып хат жаздым, меһірбаным,
Сенсіз жерде болмайды менің сәнім-ай.

Қайырмасы:
Қыздарда да қыздар бар,
Жарылмаған қауындай.
Жігіттерде жігіт бар
Базар тонның бауындай.
Гүл-гүл жайнап,
Күлсең ойнап,
Қыз, бозбала шағыңдай.

Отыз тісің аузыңда-ай меруерттей,
Бес жасымнан мен болдым ғашық дертті-ай.
Ғашық болып бес жастан жаңа жеттім,
Дәуітұлы бұрынғы Жүсіпбектей.

Қайырмасы:
Қыздарда да қыздар бар,
Жарылмаған қауындай.
Жігіттерде жігіт бар
Базар тонның бауындай.
Гүл-гүл жайнап,
Күлсең ойнап,
Қыз, бозбала шағыңдай.

Зылиха мен бұрында Жүсіп өткен,
Ғашық отына олар да түсіп өткен-ай.

Қайырмасы:
Қыздарда да қыздар бар,
Жарылмаған қауындай.
Жігіттерде жігіт бар
Базар тонның бауындай.
Гүл-гүл жайнап,
Күлсең ойнап,
Қыз, бозбала шағыңдай.

«Сабыр түбі сары алтын» деген сөзі бар,
Мақсатына олар да жетіп өткен-ай.

Қайырмасы:
Қыздарда да қыздар бар,
Жарылмаған қауындай.
Жігіттерде жігіт бар
Базар тонның бауындай.
Гүл-гүл жайнап,
Күлсең ойнап,
Қыз, бозбала шағыңдай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Гүл-гүл жайнап, күлсең ойнап өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Гүл-гүл жайнап, күлсең ойнап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Гүл-гүл жайнап, күлсең ойнап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Гүл-гүл жайнап, күлсең ойнап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері