Барыс болсаң – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Барыс болсаң» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 636
Айта-айта жауыр болды тіліміз,
Сорлылыққа саймас па екен мұнымыз!
Тәуелсіз ел сөйлемес пе өз тілінде,
Жатқа қалай дей аламыз іріміз!
Абориген неге болам үйімде,
Егемен ел боп отырған күйімде
Ұлтым, жерім, тілім қазақ дей алмай,
Неге ұрындым шешілмейтін түйінге!
Тәуелсіздік бола ма екен осындай,
Тілім ұлттық тағдырыма қосылмай,
Нендей қауіп жалтақ, жалпақ апай ғып,
Отырғаны түсініксіз тосын жай.
Қызы қызым, ұлы ұлымнан артық па!
Өзіңді көр, өзгені әкеп нар тұтпа!
Қабілеті ерен болса тілімді
Үйренсін де қол жеткізсін нарлыққа.
О, бауырлар шақырамын намысқа,
Күн тымықта қалтырамай қамысша,
Барыс болсаң, қазақ болып айға ұмтыл,
Ұқсар болсын әрекетің барысқа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері