Сабыр берсін санаға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сабыр берсін санаға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 795
Болсыншы деп тек тыныштық,
Тіледік, кеңес құрыстық
Татулыққа тырыстық
Түлен түртіп бара ма! 
Құдайға шүкір тынышпыз
Жазбаған бойын құныспыз...
Бұзылмаған шырышпыз...
Сонда да үйің пана ма!
Көп тағдырды күйреткен,
Көбелек қылып билеткен,
Отбасынан күй кеткен
Шағың тек соғыс қана ма!
Қалпыңа қазір көз жібер,
Сусыды құмдай көп жігер.
Үзілермен тұр көп күдер,
Жоқ соғыс ойда, санада.
Жақсылық басы нарық деп,
Боласың ертең қарық деп,
Бүйірің шықпай арық боп,
Зұлымдық кірді араңа.
Тоғыз боп жоғың қамайды.
Жауыздық үдеп тарайды.
Көңілдер жоқ күн арайлы
Бұл соғыс салған жара ма?!
Күн орнында, ай аман
Соғыс жоқ әзір таяған.
Тынымда кәзір қай адам?
Бұл соғыстан болған нала ма?!
Мол еді бұрын назарың,
Себебі кеткен мазаның.
Сол еді басы назаның
У сепкендей жараңа.
Жүргізіп бүгін әмірін
Ақша боп тұр ғой тәңірің.
Өзі боп өмір нәрінің
Әкелген бүлік араңа.
«Бар — жарастық, жоқ — ұрыс»,
Ұрыста бола ма тұрыс!..
Іріді төзімдер құрыш
Тек сабыр берсін санаға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сабыр берсін санаға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Сабыр берсін санаға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сабыр берсін санаға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сабыр берсін санаға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері