Мен – қазақпын!

Бұл бетте «Мен – қазақпын!» атты Мұхтархан Қалиұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.11.2020
  • 0
  • 0
  • 1905
Мен – қазақпын!
Мен азатпын! Мен бармын!
Сайын дала перзентімін самғар мың!
Темір қанат қыранымын Таулардың!
Болашақпен қол ұстасқан Арманмын
Егеменді ел болам деп ерекше
Қайсарлықтың үлгісі боп қалғанмын
Намыс оттың Намыс оттың ошағында өртеніп
Желтоқсанда алау болып жанғанмын.
Қайрат пенен Сәбираның, Ләззаттің
Қаны болып алаңдарға тамғанмын.
Мен қазақпын! Шындығымын жалғанның
Болашаққа үміт болып жалғандым
Ардан биік Азаттығым үшін мен
Сырым болып талай атой салғанмын
Кенесары қылышы боп жарқылдап
Бодандыққа қарсы тура барғанмын
Махамбеттің жырлары боп саңқылдап
Жүректерде жауқазындай жандандым.
Азаттықтың өтеуі үшін құрбан боп
Қарқарада қапы қалған тарланмын
Мен – қазақпын! Аспанымда жанған Күн
Ар-намыстың Асқары боп қалғанмын!

Мен – қазақпын! Ғажап елдің ұлымын!
Батырлардың жанарының нұрымын!
Мұқағали, Қасымдардың жырымын
Мағжан, Сәкен, Бейімбеттің мұңымын
Сайыстарда дүбірлеген дүбірім
Қаншеңгелдер жоя алмаған түбірін
Кімнен емес, Күннен алған жылуын
Мен – қазақпын! Асқақ елдің ұлымын!
Әрқашанда биік менің тұғырым!

Мен – қазақпын! Беретұғын өлеңге от,
Қазақ жырын тек биіктен көрем көп
Сарыарқада жыр толқытса – бір қазақ
Мен отырам Алматыда елеңдеп.
Ой-санаммен көрмеген бір төмендеп,
Жүрегімнен жыр шумағын төгем кеп.
Жаны жұтаң жандар болса Ғаламда
Жырдың ғажап үлгісін ал, Менен кеп!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мен – қазақпын! өлеңінің авторы кім?

Мұхтархан Қалиұлы — осы өлеңнің авторы.

Мен – қазақпын! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мен – қазақпын! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұхтархан Қалиұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мен – қазақпын! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері