О, бауырым, көпке жаққан кісі тап – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «О, бауырым, көпке жаққан кісі тап» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған бауыр туралы өлең берілген.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 909
О, бауырым, көпке жаққан кісі тап,
Парасаты, қылығы мен ісі ұнап,
Алла сірә жаратады-ау міншілді
Мына өмір қалмасын деп қысырап.
Міншіл байғұс мін таппаса жүдейді,
Тапқан міні кейде тіпті үрейлі.
Бұл өмірде қисық, күншіл, міншілді
Деген рас қабір ғана түзейді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері