Үмітшіл көңілің – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Үмітшіл көңілің» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 651
Үмітшіл көңілің
Ілгері қозғайды,
Өрбігіш арманың
Бітпейді, тозбайды.
Сол үшін аспанға ұш,
Жерге түс, тау төңкер
Бәрібір ешкім де
Жазмыштан озбайды.
Өзіңе-өзің риза
Болып жүрсің бірдіні.
Бәрі есіңе түсер-ау
Көз жұмарда бір күні.
Бұл дүниеде семіз,
Ол дүниеде арық
Боларыңды еске бір
Қойсаң деймін алып.
Құдайға, аспанға шығып,
Алғандай өзін нән ұғып,
Бір ауыз сөз қатуы мұң
Бетіне сұйығы шығып...
Болғаны көмекші ғана,
Санайды өзін бір дана.
Қайда апарып тынар екен
Елімді осындай сана.
«Ұлық болсаң, кішік бол» деген қайда!
Азамат болсаң тисін көпке пайдаң. 
Еріккеннен қабылдау сұрамайды ел,
Іздемес деп әулие бастық қайда.
Өзі егіп қоғамға түрлі дауды,
Қойды жиып қабылдап мұң тыңдауды.
Қатыгезден тас қамал құрып алып,
Жойды өзіне мұң шаға маңайлауды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үмітшіл көңілің өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Үмітшіл көңілің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үмітшіл көңілің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үмітшіл көңілің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері