Көрмегенді көрдік, пай көрмегенді

Бұл бетте «Көрмегенді көрдік, пай көрмегенді» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 663
Көрмегенді көрдік, пай көрмегенді,
Ер намысын езге ұқсап жерлегенді.
Қиындықты қоғамға өзі қосып,
Қылмыспенен күресіп ерлегенді.
Көрдік бұрын ойға әсте келмегенді,
Өлімдейін ұяттан өлмегенді.
Өнер, білім, ғылымды қуған жастар
Саудагерлікті үйреніп зерделенді.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері