Жар салдым: «Сөйле, қалам!» деп – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жар салдым: «Сөйле, қалам!» деп» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 713
Жар салдым: «Сөйле, қалам!» деп
Қазағым, елім, далам деп
Қаламгерлерге арнадым
Болатын жәйің алан, деп.
Халықтың халы бүгінгі
Жүрекке түскен жараң деп
Емдемесе жара асқынар
Сарғайтар солып санаң деп.
Байлығың шетел қолында
Мұнай, мыс, уран, қолаң да
Телміріп жатқа көз сүзіп
Саудаға түсті балаң да.
Түгесілмес сұмдықтан
Сансырады санам да.
Саудаға салған сәбиін
Болды ма қоғам ғаламда.

18.06.2001 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жар салдым: «Сөйле, қалам!» деп өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жар салдым: «Сөйле, қалам!» деп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жар салдым: «Сөйле, қалам!» деп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жар салдым: «Сөйле, қалам!» деп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері