Бұл бетте «Жар салдым: «Сөйле, қалам!» деп» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жар салдым: «Сөйле, қалам!» деп
Қазағым, елім, далам деп
Қаламгерлерге арнадым
Болатын жәйің алан, деп.
Халықтың халы бүгінгі
Жүрекке түскен жараң деп
Емдемесе жара асқынар
Сарғайтар солып санаң деп.
Байлығың шетел қолында
Мұнай, мыс, уран, қолаң да
Телміріп жатқа көз сүзіп
Саудаға түсті балаң да.
Түгесілмес сұмдықтан
Сансырады санам да.
Саудаға салған сәбиін
Болды ма қоғам ғаламда.
18.06.2001 жыл.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі