Қуан, жұртым!

Бұл бетте «Қуан, жұртым!» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 795
Құзырлығы құдайдай тәу өткізіп,
Қойған халден құтқарған тәуелсіздік,
Саған бүгін сый басқа, құрмет басқа
Елім шырқап шың асып, шықты үздік.
Тағдырынан көрген кер талай азап,
Келімсектен естіген талай мазақ.
Кейін қалды кер заман келмес болып
Көтерді еңсе тәуелсіз ел боп қазақ.
Қуан жұртым, бүгінгің шын қуаныш,
Егемен боп өткердің қыруар іс.
Ірге тепті, орнықты, міне, он жыл
Аспанға атып бөркіңді ұшырар іс.
Елдігіңді күллі әлем мойындады,
Сан армандар іске асты ойындағы.
Терезесі тең елдер қатарында
Салтанатпен өтуде тойың дағы.
Ұланың бар, ұрпағың, іргең берік,
Тағдырыңды тапсырған тізгін беріп.
Азаматтар ақтады сеніміңді
Талай істе танытты кемеңгерлік.
Бола алған соң әр істе нағыз серік,
Қарымды һәм тереңде ойын көріп.
Келелі істер жайында кеңес құрды,
Айтулы елдер басшысы іздеп келіп.
Қуан, жұртым, бүгінгің шын қуаныш,
Игерілді алар шың, тындырар іс.
Тәуелсіздік тойланып ғасырлары
Қазақ елі шынықсын болып құрыш.

10.12.2001 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуан, жұртым! өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қуан, жұртым! өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуан, жұртым! өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуан, жұртым! өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері