Қос тіл – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қос тіл» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған тіл туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 588
Қос тіл...
Қос айыр тіл жыланда ғана...
Тудырды көңілде нала.
Япыр-ау кедергі не бұл!
Шырылдап шыңғырып сана,
Дал көңіл дала кезеді,
Жүрегің, жаның сезеді,
Бұлтақтап бұқпантайлаған
Жалтақтық жаныңды езеді.
Апыр-ау бұл
Басы ма жаһанданудың?
Бас иіп ғаламданудың?
Үзіліп тегіңді ұмытып,
Адасып мүлде қалудың.
Әйтпесе жылан емеспін,
Неге мен қос тілді болам.
Көш бағдар, бағытын ұқпай
Япыр-ай сарсылды-ау санам.

05.10.2002 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қос тіл өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Қос тіл өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қос тіл өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тіл туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Қос тіл өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері