Бұл бетте «Бәйтеректер көгерер» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бесік етіп даласын
Құндақтаған жырларын,
Өтіпті мынау пәниден
Қалихан есімді дарын.
Айтыскер еді сайыста
Болмаған орны босаға,
Қасқайып келіп тұратын,
Шаң жұқтырмай шашаға.
Өзі ұлыны асыра
Ұлықтап мен не дейін,
Атағын әлем асырып
Танытып-ак еді Семейін.
Аруақты асыл топырақ,
Құлапты бір Бәйтерегін.
Білдіріп көңіл жұртыма
Есімін өлеңге өрейін.
Аман болсын туған ел,
Бәйтеректер көгерер.
Тай өсіп әлі-ақ ер жетіп
Тұлпар боп өсіп теңелер!
19.11.2002 жыл.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі