Бұл бетте «Қалпаққа» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
09.08.2021
0
0
729
Ербиіп, делдиіп тұрасың,
Әйтеуір жүрген соң баста.
Неменең бар айтсаң расын,
Бойында соныңнан басқа?
Ыстықта емессің көлеңке,
Жел керсең қаңбақша ұшасың.
Күз түсіп, қуарса көк ерте,
Аяздан бұрын сен қысасың.
Барламай бойыңды не қылса,
Шаршайсың бос әуре болып құр.
Қалпаққа ғашықтар табылса,
Дүкенде ол «құрымағыр» толып тұр.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі