Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар
Бұл бетте «Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар» атты Көтеш ақын жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар,
Су ішуге сол қақты құлан жақтар.
Атадан алтау, жетеу туғанменен,
Соның ішінде біреуі-ақ сүтін ақтар.
Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз,
Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз.
Ата тілін алмаған арам ұлды
Аузы түкті кәпірден кем демеңіз.
Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз,
Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз.
Ата тілін сыйлаған адал ұлды
Хат оқыған молдадан кем демеңіз.
Балаңа ұрса берме таз болса да,
Малыңды сол бағады аз да болса.
Жұмыскер есіктегі тынышы кетер,
Қожайын түрде отырған қазба болса.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі