Жасаңыз тұтас ғасыр – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Жасаңыз тұтас ғасыр» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 578
Ә. Нұршайықовтың жетпіске келген мерейтойына

Өрнектеп зерлеген соң сөз тазасын,
Зергер деп халқы берген өз бағасын.
Жеті асқар желіп асқан құттықтаймыз
Қазақтың көркем сөзінің Әзағасын.
Тереңнен тердің дағы шын асылын.
Даралап халқыңа тән ұнасымын.
Әркімге бұйырмайтын пәк сезімді
Саралап ғибрат дейтін шың асырдың.
Еліңнің Бауыржандай дара адамын,
Қорғаған ұлт намысын нар адамын
Көбіктен, көрмей үрген көпірмеден
Арылтып, ақиқатын сараладың.
Кетпейтін түймедейге асып-тасып,
Қалмайтын түйедейге мойып, жасып.
Көп кешкен сынық арба сырбаз мінез,
Келесіз ақырын жүріп анық басып.
Аяулы Халимаңмен қол ұстасып,
Қызығы ұл-қызыңның, болып нәсіп.
Асқарлар қалып жатсын басын иіп,
Жасыңыз тұтас ғасыр толып, тасып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасаңыз тұтас ғасыр өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Жасаңыз тұтас ғасыр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасаңыз тұтас ғасыр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасаңыз тұтас ғасыр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері