Қазтуғанның қонысымен қоштасуы
Бұл бетте «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы» атты Қазтуған Сүйінішұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
1
Арайна,билер,арайна,
Арайна десем, болғай ма?!
Арайнасыз әр қайда
Ердің ісі оңғай ма?!
Арайна болған
Қазтуған,
Қайғыланып сонда толғай ма?!
2
Ел қияға қонғай ма?
Еділ, Жайық арасы
Кеңшілік қоныс болғай ма?!
Ебей басты құба үлек
Ернімен шырпы шалғай ма?!
Бұл қоныста отырып,
Біздің мұсылман баласы
Жағасы босап тынғай ма?!
3
Еділді қоныс етпеңіз,
Жағалай қалмақ алады.
Жайықты қоныс етпеңіз,
Сыдыра біткен көкжиек,
Кәпірлер қала салады.
Аштарханды қоныс етпеңіз,
Шәһәрін оның алады.
4
Еділді алса - елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса - жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса - ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.
5
Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,
Қайран саланың жатқан аңғары-ай,
Ақ шалмалы пірлердің
Мешітке жаққан шамдары-ай!
Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім
Аузы түкті кәпірдің
Күшті болған салдары-ай!
Кәпірден тендік алуға
Қайта келер деймісің
Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған хандары-ай?!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Атаңа нәлет кәпірдің
Пайдасына қалмаса игі еді
Ноғайлы, қазақ жұртымның
Кейінгі туған балдары-ай!
6
Адыра қалғыр көк Жайық,
Аңырап қалған қонысым!
Қонысымнан ауған соң,
Кетпегей еді ырысым.
Таудағы тарлан бөрі едім,
Тарылған сынды тынысым.
Кейінгі өскен жас бала,
Ақ балтырын түрініп,
Басарына ерініп,
Көкірегі күйініп,
Тек тірлікке сүйініп,
Ықтиярсыз жүгіріп,
Аузы түкті кәпірдің
Етпегей еді жұмысын!
Бұл қоныстан кетпесең,
Мұны талақ етпесең,
Екеу-екеу сөйлесіп,
Біздің кейінгі өскен жас бала
Аузы түкті кәпірдің
Соқпаса екен пайдасын!
7
Буыршынның жалғыз қырқар азуы,
Бөкеннің желіп өтер төрт саны,
Бұғының ауыр қара мүйізі,
Бидайықтың жалғыз соғары,
Қашағанның ұзын құрығы,
Ақ орданың тіреу сырығы,
Айдаса - қойдың көсемі,
Сөйлесе - тілдің шешені,
Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,
Күз жіберіп, жаз мінген,
Жазаласа - екі жылда бір мінген,
Жолдасын жолай іздеген,
Өзіне тиген дұшпанын
Қарт бурадай тіздеген -
Мен - Қарғабойлы Қазтуған,
Қайғыланып асып барамын
Ноғайлы-қазақ елімнен!
өтініш
өте керемет жазылған
Өте жақсы рахмет
онын конысымен коштасу себебі неде
Қазтуғанның конысымен коштасу себеби неде екентн билип бериниздерши отиниш
Қазтұған неге өз қонысымен қоштасты
жəнібек пен керей
Керемет жақсы жазылған.
өтінемін маған Қазтуғанның қонысымен қоштасу себебі неде деген сұраққа жауап жазыңыздаршы өтінемін❤
Керемет толғау.Бірден жаттап алдым.Көп рахмет!
Өте жақсы өлең .Маған ұнады
Осы такырып бойынша эссе тауып бериниздерши
толгауды суреттеп сурет алып бериниздерши отинем
Казтуганнын коштасу себеби неде
Осы толғау бойынша өз ойымызды және қорыта келе деп жазу керек калай жазсам болады
Маған ұнады ... Оте жаксы ♥♥♥
Еділді алса - елді алар,
Енді алмаған не қалар?
Жайықты алса - жанды алар,
Жанды алған соң не қалар?
Ойылды алса - ойды алар,
Ойлашы, сонда не қалар?
Қара мауыты мұшақат
Бүтін тоғай жерді алар.
Жаз кіреге жақсы деп,
Дулығалы нарды алар,
Қыс кіреге жақсы деп,
Шудасы қалың айырды алар.
Сусынына шай алар,
Шайнауына май алар.
аллитерация мен ассонансты тауып берыныздершы
Керемет сайт
Маган осы олен туралы метафора тауып беринизши
Маган осыдан психологиялык параллилизм тауып берыныздершы
Қастуғанның қонысымен қоштасуының себебі неде? Біліп беріңіздерші өтініш.
Ольга неге атаконысынан кетты
Себебі Қазтуғаннын тұрған жеріне əрдайым шабуыл жасаған жəне АуызыТүкті Кəпірлер (орыстар)дың жеріміздің алып алғанын айтып тұр.Олар бізге қарағанда мықты екенің күйініп жырлады
Қазтуғанның қонысымен қоштасу себебі неде? екендігін айтып пере аласылбек?
Маган үнады.Бірақ Қазтуған қонысымен қоштасу себабі неде екендігін айта аласыздарма?
Маған Қазтуғанның өз жерімен неге қаштасқанын айтып жберіңіздерші өтініш
Қазтуғанның қатысуымен қоштасу себебі неде кім біледі екен
Айтыңыздаршы өтініш
Өлеңді оқысаңдаршы, түсінетін шығарсыңдар
Инжудын айтканы казтуганнын конысымен коштасуынын себеби
ма?
Казтуганнын конысымен коштасуынын себеби недеп?
Инжу дұрыс жазған сияқты қоштасудың себептерін
Казтуганнын конысымен коштасу себеби неде тез керек срочно дал казир
Жырды оқысаңдаршы қазақша түсінбейсіңдер ма
Інжудікі 100% дурыс
Қастуған қонысымен қоштасуына сыни шолу жазып бересіздерме өтінем
Өте жақсы рахмет
Казтуганнын мекенимен коштасуын жазыныздаршы
Отиниш
Жандос усте окысайш Инжу деген киси жаздыыыыы
Казак адебиетен ТЖБ сурактарында кездеседи осы сурак
Маған ұнады
Қазтуған жыры туралы басқа да мəліметтер барма ?
Маған осы жырды композициялық құрылымына талдап
Казтуган жорык жыршы болган ушын конысымен коштаскан
Керемет
Керемет жақсы
Керемет
Қастуған қонысымен қоштасу себебің кім біледі