Айзадаға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Айзадаға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 613
Айзадасың ба!
Күнзадасың ба!
Есімің ғой ол
Тұрған не мұнда!
Өс адам болып
Толымды сынға
Мақсатыңа жет
Сүрінбей сында.
Есігін аштың
Мектептің бүгін.
Жеңіл деп жүрме
Өмірдің жүгін.
Тер төгіп күрес
Қиынға қынба,
Қамалды биік
Алмайша тынба.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері