Арнұрға – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Арнұрға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1005
Ар нұры деп ат қойып ем туғанда,
Апыл-тапыл өмірге бел буғанда,
Ар-намысың болсын деп ем қос қанат,
Құбылмалы құйын арман қуғанда.
Ғылым — теңіз жұлқып аштың есігін,
Құтты болсын! Күтем одан есімің
Айдынында Арнұр атты қасқиған,
Жолбасшысын келер ғылым көшінің.
Ендім деме жәйлі, жылы құшаққа
Кез боларсың сан ірі, сан ұсаққа.
Кедергіні кесіп от, сен, кездескен
Ұқсап мынау өткір, асыл пышаққа.
Пышақ — қару.
Тауып жұмса орынын,
Іс өткерсең, тап тетігін, қонымын.
Жас Қаршыға жасынменен ойнаған Күз,
Шың болсын қыран қонар орының.
Алдында ылғи сәуле шашсын ар нұры.
Пәнда адамның жаралмышта бар міні.
«Ең бақытсыз — мінсіз адам» деген бар.
Ұнатамын болған жанды ар құлы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арнұрға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Арнұрға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арнұрға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арнұрға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері