Күлияға

Бұл бетте «Күлияға» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 572
Құзырымен тағдырдың,
Мекен бізге бір ұя
Өз қызымдай өзіңе
Бауыр бастым, Күлия!
Маған серік, өмірге
Көктем сынды көріксің.
Өзің де сол көктемде
Дүниеге келіпсің.
Қасиетіңді тергіштеп,
Тізіп айтып не дейін,
Құттықтап туған күніңмен
Аналық бата берейін.
Ғұмырлы бол, бақытты
Басында бұлтсыз тұрсын таң
Сол ақ таңдай тілегі
Өзіңнің апаң Тұрсынхан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлияға өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Күлияға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлияға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлияға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері