Ақорда үй болыңдар

Бұл бетте «Ақорда үй болыңдар» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.08.2021
  • 0
  • 0
  • 701
Болашаққа деген ұлы сеніммен
Қол ұстасып өтпек болып өмірден
Балаларым игі қадам басыпсың.
Бата бергем аналық ақ көңілден.
Қабақ шытпай ұзақ ғұмыр кешіңдер!
Ұрпақты боп үбір-шүбір өсіңдер!
Құрбыларың қызыға қарап, үлгі алып,
Надия мен Ернардай бол десін ел. 
Қанат қағып қияға ұшып қоныңдар,
Жақсыларға өмірде үлкен орын бар.
Қонақ тандап түсетұғын іздеп кеп,
Ырысы асқан Ақорда үй болыңдар.
Дүние опасыз, бақ баянсыз білгейсің,
Ар-намыспен дос боп қана жүргейсің.
Аты арымас ардың құлы азамат
Болсаңдар тек, жаман өмір сүрмейсің.
Мен анаңмын. Аналық ақ тілегім —
Арың аппақ, мөлдір таза жүрегің
Бол Алланың сүйген құлы екеуің
Мен сендерге сол бақытты тіледім.

20.08.2001 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақорда үй болыңдар өлеңінің авторы кім?

Тұрсынхан Әбдірахманова — осы өлеңнің авторы.

Ақорда үй болыңдар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақорда үй болыңдар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрсынхан Әбдірахманова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақорда үй болыңдар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері