Бұл бетте «Азғын тартар қаз бен қу» атты Ақтан Керейұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Азғын тартар қаз бен қу,
Суалса айдын көлдері.
Өзеннің бойы құлазыр,
Жайлаған кетсе елдері.
Тиянақ кетер дариядан,
Бұзылса шалқып сендері.
Дарияға кеме жүзе алмас,
Құрсаулы кетсе щеңбері.
Айдынды туған ер жігіт,
Кемшілік табар майданда,
Семсері кетсе белдегі.
Нұрқасым, Қорек заманда,
Ниеті таза, көңілі хат,
Жаралған абзал пенде еді.
Айран болады екен ақылың,
Қолыңнан кетсе сенгенің.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі