Бұл бетте «Естелік сазы» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Талып естілген музыка әуеніне арбалған,
Сені қара жол бойынан күткелі...
Уақыт аунады.
Биыл көктемде көк жүзі мұнартып,
Шалғайдан көз жасың
жаңбыр боп саулады.
Ұзақ жыл естілмеген скрипканың сазы,
Айтылмайтын естеліктерімнің де
жүзін әжім торлады.
Дымқыл ауаны тескен ағаш
бұтақтарына тесілдім,
Бәлкім, мен әлі де байырғы
шытырман жолдамын.
Артыма бұрылып қарамағалы қашан...
Ескі үйдің терезесінен
мұнартқан аумаққа көз тастап...
Бүгін тасадағы ғажайып мекеннің
есігін аңдамай аштым,
Ұмытылмайтын ескі әуеннің
желігі бастап...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі