Мың жылғы ұйқы

Бұл бетте «Мың жылғы ұйқы» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 581
… Моласындай бақсының,
Жалғыз қалдым тап шыным.
Абай.

Мың жылғы ұйқыдан тұрып,
Уілге үн қосқан дала.
Жүрегін қасірет буып,
Маң басып келеді дана…
Қараша желімен ұшқан,
Жапырақ – жалғанның сиқы.
Мезгілсіз жүйкені қысқан,
Не деген айықпас ұйқы.
Мұңына хакімнің ауыр,
Желп етпес нас басқан сана.
Атадан бір туған бауыр,
Бәрібір…
Жалғыздық ғана.
Жалғыздық – құдірет тегі.
Бұйырмас пендеге басқа.
О, ұлы сахара елі,
Айналдың қап-қара тасқа.
Тіліңді кәлимаға елтіп,
Күрсінді, күңіренді абыз…
Ғасырдың түнегін серпіп,
Тағы бір отқа май тамыз.
Орнында оңалар жұрттың,
Білмеймін…
Бар тағы несі.
Баяғы
О, өңкей қырттың,
Басып тұр бабатай десі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мың жылғы ұйқы өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Мың жылғы ұйқы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мың жылғы ұйқы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мың жылғы ұйқы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері