Апамның монологі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 778
Құлыным-ау,
Тірісің бе келші үйге,
Ұлан-асыр той боп жатыр көрші үйде.
Иір-қиыр жолдар жатыр жоғалып,
Қасіреттей қара тау тұр мелшиген.
Сұрай-сұрай мен олардан жалыққам,
Құстың үні қуантпайды талыққан.
Көктем сайын көкке қарап жүруші ем,
«Шағанғолға» шашылғанда мамық таң.
Құстың үні қуантпайды аққулар,
Жылы жаққа жылжып кеткен ақ қыздар.
Қыз мінезді қыстың сайқал төсінде,
Алтай жайлы аңыз айтып жаттың ба?
Құлыным-ау,
Сағындым ғой келші үйге,
Ұлан-асыр той бап жатыр көрші үйде,
Төмен қарап өтті әлсіз жымиып,
Бәлкім сол қыз сен сүйген.
Ол да аңсайды-ау, көргісі кеп көп ойлап,
Мен сияқты меңдеп жүрген
О, бейбақ!
Күлдір-күлдір кісінейсің түсімде,
Бұлдыр-бұлдыр үнің жетер жел айдап.
Сен түсімде жанарыңа жас толып,
Ж үресің ғой бір ақылсыз басқа еріп.
Қасиетті жерден көрем қайтейін,
Тұрсың удай мас болып.
Құлыным-ау,
Сен өмірге келгенде,
Әбілхаят ана сүтін емгенде,
Бойыңдағы билеп жүрген жындардан
Ал басқасын бергем мен.
Құлыным-ау,
Құлыным-ау, Құлыным,
Жақсылықтың жасап жүрмін ырымын.
Ертең тағы қарап тұрам жолдарға,
Көзін сығып күмілжиді бүгінім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Апамның монологі өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Апамның монологі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Апамның монологі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Апамның монологі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері