Алтайды аңсау

Бұл бетте «Алтайды аңсау» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.08.2021
  • 0
  • 0
  • 546
Алтайдың қысы тым ұзақ,
Алтайдың қысы тым басқа.
Қиялдан тұлпар мініп ап,
Шегесің сапар бір басқа.
Әулие ақпас шоқылар,
Қарайды сұсты ғаламға.
Өзінен өзі оқылар,
Бір сыр бар осы заманға.
Аңсайды бәлкім алғашқы,
Аңқау да адал тұрғынын.
Сағынған шығар зар жақты,
Зарлығы менен Мұңлығын.
Буазып бұлттар бұйығып,
Тастарға анау жас тамған.
Көк жалқын отқа сиынып,
Алтайда тірлік басталған.
Алтайдың түні тым басқа,
Алтайдың түні кіл ертек.
Ол жерде кешер мұң басқа,
Дәуірді ұмытып тым елпек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтайды аңсау өлеңінің авторы кім?

Ырысбек Дәбей — осы өлеңнің авторы.

Алтайды аңсау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтайды аңсау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ырысбек Дәбей өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтайды аңсау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері