Бұл бетте «Қаратау» атты Ырысбек Дәбей жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
О, Қаратау! Бұлдыр-бұлдыр, бұлыңғыр,
Ойым – ақшам, кеудемде ауыр іңір жүр.
Тас көтеріп тамыр жеген түсіме,
Бабаларым ауық-ауық кіріп жүр.
Қоғамыма көңіл қалды өкпелеп,
Шөп күркемді тіктім саған шеткерек.
Пенделердің пейілінен түңілгем,
Маған анау тобырлардан жоқ көмек.
Күздің айы сыңсығанда құс үні,
Қалтыратып қарашаның үсігі.
О, Қаратау! Саған сүйеп басымды,
Есіме алам баяғы ауыл түтінін...
Ауыл қалған, алақаны апамның,
Еске түссе еңсемді ауыр басар мұң.
О, Қаратау! жан жарасын жанымның,
Сенің жақпар жартасыңа қашармын.
Селеу қырдың селтеңдейді ақ шашы,
Күрсінеді күннің көзін тат басып.
Мен түсімде сенде жүрем ғасырдың,
Ортасынан ақ боранын ап қашып.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі