Көңілім – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Көңілім» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 3294
Көңілім, мұнша қамықтың,
Әр нәрсені ойға сап.
Не нәрседен тарықтың?
Осыншама ойда қап.
Бірақ саған кінә жоқ,
Heгe бүйттің деуге де,
Есеп жетпес тіпті көп
Қасірет-қайғы кеудеде.
Мақсатыңды іздеген,
Таба алмадың, жетпедің,
Қылышын алып кезенген
Кедейліктен өтпедің.
Нашарлық байлап қолыңды,
Жібермеді отыр, деп,
Оппа қар ғып жолыңды,
Ниеті жоқ кетірмек.
Енді қайда барасың,
Босатпаса нашарлық.
Білімді қайдан аласың,
Әлемге үлгі шашарлық.
Қой, сен бүйтіп қамықпа,
Ілгері ұмтыл, талап ет,
Шығуға айдай жарыққа,
Қайраттанып, бол өжет!..

1917


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілім өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Көңілім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көңілім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері