Жазғы таң – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Жазғы таң» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 2603
Қараңғылық серпіліп,
Бозамық боп атар таң,
Бірен-саран адақтап,
Қалды жымың жұлдыздан.
Түрлене түнге қош айтып,
Күлімдеп толқып тұр Шолпан.
Жерге түскен бу мен шық,
Көтеріліп көкке ұшқан...
Бозарған енді сарғайды,
Айырғысыз боп алтыннан.
Келде құстар оянып,
Қосылысып салды ән.
Бозторғай шырлап аспанда,
Тауықтар да шақырған.
Өріске кетіп барады,
Сиыр, қойлар неше сан.
Шыққа тойған шөптердің,
Құлпыруы орасан.
Күндіз алыс әр нәрсе,
Көз алдыңда санасаң,
Дүниенің жұмағы,
Таңертең тұрып қарасаң

1920


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазғы таң өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Жазғы таң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазғы таң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазғы таң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері