Газеттің досы — тілшілер
Бұл бетте «Газеттің досы — тілшілер» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кедейдің соғып сойылын,
Кедейдің тілеп тойымын,
Ойлайтын қамын тереңнен,
Газеттің досы — тілшілер.
Ұямен6 қол ұстасып,
Кедейдің көшін бастасып,
Байсалды жерге жөнелген
Газеттің досы — тілшілер.
Бұзықтармен күресіп,
Талайын түйреп түгесіп,
Қауіптен қорықпай түнерген
Газеттің досы — тілшілер.
Шаруаға кез болып,
Қисық іске тез болып,
Игілікке бастайтын —
Газеттің досы — тілшілер.
Бітірер ісі өнімді.
Еңбекке жегіп өмірді,
Еңбектен тайып қашпайтын
Газеттің досы — тілшілер.
1926
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі