Өлең, жыр, ақындар

Оң сапарға

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 420
(М...ға)

Өмірдің білмейтұғын балын, тұзын,
Талдырмаш орта бойлы, шашы ұзын,
Бұралған тал шыбықтай еркек-шора
Мұсайттың сәби мінез бір жас қызын,—
Сендім де айтысқан сөз, алған қолға,
Бірлесіп сапар шектім жырақ жолға,
Ұядан ұша сала дірілдейді,
Дегендей, «бұл сапарым теріс пе, он, ба?»
Менімше, бұл он, сапар, оған куә,—
Азбаған ар-ұятым өзім туа.
Сан рет опасызды қарғағанмын
Мақалмен деп, «жолыңа бітсін жуа!»
Адаммен жаным қас та түсін сүйген,
Жаным дос та адаммен ішін сүйген,
Таныған сүйегімді бұл жас жанды,
Жалған емес жүрекпен шын сүйгем.
Себеп бар әрбір түрлі көріністе,
Бұл қызды бір дос алғаш түсірді еске.
Арада дәнекер боп тағы да ол,
Оңаша жолықтырды бір күн кешке.
Жаз күні жапырақты орман іші...
Келеді маған беттеп екі кісі,
Біреуін тани кеттім... енді бірі
Талдырмаш жас қыз екен... құп-қу түсі!..
Таныстың беті-көзі күлімдеп тұр...
Жас қыздың тұлабойы дірілдеп тұр.
Қолын алсам қызуы оттан ыстық,
Ұялшақ кез «апыр-ау, бұл кім?»— деп тұр.
Қыз ұнап, бойым еріп бара жатыр...
Еркекте «иман» жоқ қой, «діні» батыл,
Тосаңсып алғаш мен де тұрғанменен,
Сөзімді сыпайылап айттым ақыр.
Лып ете қалды сонда қыздың беті,
Лаулаған жалын болып кетті еті...
«Ағатай, ойланайын» деген сөзге,
Көп тұрып, әрең жетті құдіреті.
Мен оған «қарындасым, болсын» дедім...
Тишытпай жүрегімді сол сыр менің,
Кездескен сайын оған сәті түсіп,
Орнына бәсеңдеудің өрши бердім...
Ақыры жетті қолым «жарайдыға»...
Керген көз, бұл жыныстан талайды да,
«Ендігі жан жолдасым осы болар»—
Дей беред, кескініне қарайды да.
Көңілім осы сөзге қалды ұйып,
Алдында ар-ұяттың неке қиып,
Қосылып серт байластық, енді ешкім
Төбеден айыра алмас алтын құйып.
Жүректің айтам мұны адалымен
Айтпаймын опасыздық «амалы» мен,
Саған да уәде берем, өсіруге
Ең таза коммунистік мораліммен.
Арада сыр осылай ақтарылды.
Сенді де серік боп ол атқа мінді...
Пойызға әкеп салған Ғаббасқа мен,
Жолдадым сәлем етіп мақтанымды:
Ағатай серт сөзімді елге апар!
«Жақсы сөз, жарым ырыс» — ел қуантар.
Менің сертім осылай, сен де тіле
Болғай, деп екеуіне бұл он, сапар!»

1926



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неге тудым

  • 0
  • 0

Бір жетім баланың аузынан
Анамнан жарық көріп туған күннен,
Өмірде сәуле көрмей жүрген бір мен.
Басқадай балдан тәтті тұрмыс іздеп,

Толық

Георгий Хайдинге

  • 0
  • 0

Бұдан екі жыл бұрын, Бурабайда,
Тау тамылжып, гүл шешек атқан майда,
Кездесіп бірнеше күн ойнап-күлдік,
Сайраннан басқа алаң болмай ойда.

Толық

Қырғызда

  • 0
  • 0

Дүниеге «қазақ» боп басқалы адым,
Араласа бірге өстім саған қаным.
Бірге көштім, үйімді қатар тіктім,
Бірге жайлап оттады баққан малым.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар