Өлең, жыр, ақындар

Биылғы егін

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 673
Сұлудай белі бұралып,
Толықсып, толық сыланып,
Даланы жауып егін тұр
Еңбектен өскен алтындар,
Қып-қызыл бидай жалқындар...
Қанша байлық тегін тұр.
Даланың көркі егістік
Егістік егіп келістік
Деп шаруа күледі!
Биылғы шығым орасан,
Қанша байлық санасаң,
Тотыдай дала түледі.
Шөп машина сарылдап,
Шаруалар жапырлап,
Күн ашығын сұрайды.
Егінді орақ қулайды,
Асаудай егін тулайды,
Тулайды да құлайды.
Дала толған шөмеле,
Қонған құт па немене?!.
Не деген кеп, апыр-ай!..
Шоқпыт күліп ақырын,
Түртіп қалып қатынын:
«Ашылды-ау көзің, бақыр-ай!»
Дейді де айыр алады.
Айырлап келіп салады,
«Қотыр көктің» бағы бар.
Биылғы жылы семірттім,
Құр аттай қылып елірттім,
Ашылды көзің жануар».
Не дерін Шоқпыт білмейді,
Мұртынан күліп жүр дейді.
Жуырда соқпақ астығын.
Артығын сатып қалаға,
Қыстай шықпай далаға,
Шынтақтап жатпақ жастығын.

1926


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Егістік

  • 0
  • 0

Балталап шапқан жаңқадай,
Жөнелгендей арқалай
Жерді соқа тіледі.
Жер үсті толқып жатқандай,

Толық

Қазақстан

  • 0
  • 0

Қазақстан, біздің сан, Қазақстан,—
Қалма екпінді социалдық жарыстан.
Іші шер боп,
Көзі көр боп,

Толық

Берлин алынды

  • 1
  • 0

Көз жасын көлдей қылған талай елдің,
Сан жетпес жүректерге қайғы-шердің
Уын төккен,
Ордасы — жылан, шаян,—

Толық