Биылғы егін – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Биылғы егін» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 720
Сұлудай белі бұралып,
Толықсып, толық сыланып,
Даланы жауып егін тұр
Еңбектен өскен алтындар,
Қып-қызыл бидай жалқындар...
Қанша байлық тегін тұр.
Даланың көркі егістік
Егістік егіп келістік
Деп шаруа күледі!
Биылғы шығым орасан,
Қанша байлық санасаң,
Тотыдай дала түледі.
Шөп машина сарылдап,
Шаруалар жапырлап,
Күн ашығын сұрайды.
Егінді орақ қулайды,
Асаудай егін тулайды,
Тулайды да құлайды.
Дала толған шөмеле,
Қонған құт па немене?!.
Не деген кеп, апыр-ай!..
Шоқпыт күліп ақырын,
Түртіп қалып қатынын:
«Ашылды-ау көзің, бақыр-ай!»
Дейді де айыр алады.
Айырлап келіп салады,
«Қотыр көктің» бағы бар.
Биылғы жылы семірттім,
Құр аттай қылып елірттім,
Ашылды көзің жануар».
Не дерін Шоқпыт білмейді,
Мұртынан күліп жүр дейді.
Жуырда соқпақ астығын.
Артығын сатып қалаға,
Қыстай шықпай далаға,
Шынтақтап жатпақ жастығын.

1926


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Биылғы егін өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Биылғы егін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Биылғы егін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Биылғы егін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері