Ауылдық кеңестің сайлауы

Бұл бетте «Ауылдық кеңестің сайлауы» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 572
Қарашоқтың сауыры,
Әлдекеңнің ауылы
Жиылған жұртқа толып тұр.
Басқыш қылып шананы,
Қолында қағаз, қаламы,
Сөз сөйлеп біреу соғып тұр.
«Жолдастар!
Сайлау басталды,
Ескі әдеттер тасталды,
Кедейге теңдік берілді.
Бай, қуларға алданып,
Ескі жолды қолданып,
Кимеңдер ескі кебінді.
Ауылдық кеңес сайлаймыз,
Мүшеге кісі таңдаймыз,
Орташа, кедей батырақ
Мүшелікке сайлансын,
Бай, қу, молда құр қалсын,
Сайланған олар сатып ап.
Керексіз адам етпесін,
Ауылнай болып кетпесін,
Осы арасын қараңдар!
Түзейді олар ісіңді,
Ел қамын ойлар кісіңді,
Сайлаңдар да таңдаңдар!»
«Сөз бер!— деп Шоқпыт сіңбірді,—
Сағынбай бізді бүлдірді.
Сеніп оны сайлап ек.
Бар пайданы бай алды,
Кедей біткен құр қалды,
Кедейлерден болды әнтек».
Қарашұнақ күрілдеп —
«Мырзақымбет, былай кет!
Сайлауда қанша жұмысын,! 
Маған да салық салыңдар,
Ұялмай-ақ алыңдар,
Ауылнайдың бұл ісін,—
Ұмытпаспын өлсем де,
Бұл сайлауда жеңсем бе!?
Ойнатармын таяқты!
Сайлаудан, байлар шығыңдар
Қызылдан аулақ тұрыңдар!
Қарашы, түсін бояпты!»
Сөйледі Жамал шаңқылдап:
«Мырзажігіт жалпылдап,
Сүттен ақ боп сөйледі.
Толып жатыр айыбы,
Ауылнай болып байыды,
Онысын неге көрмейді.
Законге жұртты үндейді,
Законді өзі білмейді,
Кеудесін ылғи қағады.
Біресе «аттың жалы» деп,
Біресе «кедей қамы» деп,
Күнде ақшаны алады.
Кеткенін қайда білмейсің,
Түк пайдасын көрмейсің,
Пайдасын өзі көреді.
Мырзажігіт сайланса,
Мөрді тағы қолға алса,
Кедейлер сорлап өледі!..»
Жұртта айқай көбейді:
Бетің-жүзің демейді,
Айтып жатыр айыбын.
Орынынан тұрып ду,
Өз кісісін өтінді,
Қол көтермей отырды,
Бай, молда, қажы, қулары.
Түспеді кедей айлаға,
«Пұшық» мұрын қайнаға
Бастық болды кеңеске
Ішінен тынды, амал жоқ,
Қарсыласар заман жоқ,
Байлардың кегі қалды іште.

1927


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ауылдық кеңестің сайлауы өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Ауылдық кеңестің сайлауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ауылдық кеңестің сайлауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ауылдық кеңестің сайлауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері