Өлең, жыр, ақындар

Георгий Хайдинге

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 479
Бұдан екі жыл бұрын, Бурабайда,
Тау тамылжып, гүл шешек атқан майда,
Кездесіп бірнеше күн ойнап-күлдік,
Сайраннан басқа алаң болмай ойда.
Желекті жасыл орман арасында.
Толқыны тербелген көл жағасында.
Көк күмбез — «Көкше» менен текше шын, тас
Оқтаудай Оқжетпестің саласында,
Жүретін жөнді жұпар желден сұрап,
Бұлбұлдың бал үніне түрдік құлақ.
Тырмысып тауға, тыныс шөліркесе,
Қандырды мөлдір, мұздай аққан бұлақ.
Өрмелеп барып таудың желкесіне,
Биік жар «Шабақтының» өр төсіне
Отырып көз жүгірттік, сағымданған
Қазақтың ұлан-байтақ өлкесіне.
Көз тіге кең даланы байқауыңды
Аңғарып, әлденені айтарыңды
Күттім мен, сонда еске түсірдің сен,
Байлығы бықып жатқан Алтайыңды.
Секілді, мақтап оны — жан ғашығың,
Қалдырмай тізіп түгел бойда асылын,
Тамсана тамашалап сыйпаттадың,
Тынымсыз толқып аққан қорғасынын.
«Кім оны ағызатын?» дегенімде,
Мақтанбай сыпайы сыр тұрды өңінде.
Айтқаның, шұқшиғанда: «Ұлы Отанға
Жеткізем қорғасынды керегінде!»
Түскенде ел басына қанды ауыр сын,
Үдетіп қорғасынның өндірісін,
Үстіне Отан сүйген жүрегіңнің
Қададың сыйға Ленин орденін сен.
Жауларға Алтайыңның аты айбын.
Қорқады «жаншады,— деп, одан,— қай күн?!»
Тұншығып толқынында көмілсін жау,
Тасқындат қорғасынды, жолдас Хайдин!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мұғалім

  • 0
  • 1

Ел ісін басқаратын көсем бол, сен,
Бал тамған таңдайыңнан шешен бол, сен
Батыр бол қол бастаған, тағы сондай
Салада қанша биік өсе бер, сен;

Толық

Ленин жолы

  • 0
  • 0

Адам!
Сен тарихыңның өн бойында,
Атқардың таңқаларлық талай істі.
Тек қана, жалғыз арман жүрді ойыңда,

Толық

Газеттің досы — тілшілер

  • 0
  • 0

Кедейдің соғып сойылын,
Кедейдің тілеп тойымын,
Ойлайтын қамын тереңнен,
Газеттің досы — тілшілер.

Толық