Өлең, жыр, ақындар

Қабыл ал, ақын сәлемін!

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Лениннен алған ардақты ат,
Алған үлгі Кировтан,
Бойыңда сенің боп қуат,
Үкімет берген бұйрықпен.
Лениннің батыр қаласы
Тар күнге төздің болаттай!
Жалын күшін, аластап,
Жандырды жауды жолатпай.
Түнеріп түндей қаптауды
Алды фашист ойына,
Жетпеді қолы, Қап тауы
Секілді сенің бойыңа.
Жайнаған гүлі жеріңе
Дегенде «у жаямын»
Денесі қанға көміле
Қиратты фашист аяған.
Құшағын жаудың серіпкенде,
Жігерді бойға жиыра,
«Жау күші оған жеткен бе?»—
Деп таңданды дүние.
Ерлігіңе дүниеде
Дұшпан жылап, досың шат.
Тарихта алтын сиямен
Жазылды «жойқын батыр» ат.
Ерлігіңді етіп жар
Шалқыса ақын жан сала,
Тарихта талай ұрпақтар
Тыңдайтын болды тамсана.
Жүз жастағы Жамбылдың
Ұрпақтары біз-дағы,
Зор тарихқа қосып үн,
Жұмылдық жолдар сызғалы.
Ардақты Ленин қаласы,
Жырдан сыйды қабыл ал!
Ұзақ жырдың бұл басы
Жалғасы мұның талай бар.
Союзда талай кендердің
Бай қоймасы атанған,
Қазақстан өндіріп
Қарулар берсе металдан.
Тарықтырмай тойғыза,
Берсе саған тәтті ас,
Қыраулы қыс, көк мұзда
Жылытса, қоймай жалаңаш.
Ақындары қазақтың
Сыйлаймыз қару жырдан да.
Жайратар ажал азапты
Жырымыз оқ сұмдарға.
Қазақтың батыр ұлдары,
Жауыңды сенің жойысса,
Жыр да жауды қырғалы
Аттанады сайысқа.
Поэзия маршалы
Жамбылдан алып команда,
Ақын да жауды шаншады,
Мұқалмайды қалам да.
Лениннің батыр қаласы,
Жырдан сыйды қабыл ал,
Ұзақ жырдың бұл басы,
Жалғасы мұның талай бар.

1942



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен кіммін деп мақтанам

  • 0
  • 0

Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,
Маған жүрек, жан беріп, қан тебіренткен
Бір күні дамылдаса, жөнелем мен
Сапарға әкем, атам, бабам кеткен.

Толық

Сауыншы қыздар

  • 0
  • 0

Сары алтының себелеп сүйкімді күз,
Кең дала тұрған кезде тыныс ала,
Әнге шырқап келеді бір топ жас қыз,
Ортасында Мария Гурская.

Толық

Елка

  • 0
  • 0

Балалар, бізге елкаға
Келді міне дед Мороз;
Кел, дед Мороз, дед Мороз,
Жоғары шық, төрге оз!

Толық

Қарап көріңіз