Менің республикам
Әркімнің өзіне ыстық туған жері,
Сол жердің топырағын суын, кенін,
Сүюден тынбайды ол бітпей демі,
Менің де сүйетін бар сондай жерім.
Менің жерім бір емес, дыңдай алты
Сиятұғын қаз-қатар Германия,
Алды Алтай, Қарт теңіз —
Каспий арты,
Сол екі ара мен туып, ұшқан ұя.
— Ұямның күнгей беті күннен басқа
Биікті менсінбейтін Алатауым!
Басынан мыңдар тарам бұлақ ақса,
Әр тамшысы алма, алмұрт, жүзім, қауын,
Жарысқан Алатаудан Жеті өзен,
Балқаштай теңіз көлге құйса барып,
Мыңдаған табын малдар түзді кезген,
Ішеді кеусер судан мейірі қанып.
Соншама кең ұяны мекендеген
Ауылдардың ертеде киіз үйін,
Дөңгелене жұлқынып тепеңдеген,
Дауыл түгіл, өткінші шыққан құйын.
Қазір барлық ауылдың іргелері,
Жер қозғалса желпінбес граниттан.
Бұрын шелді аймағын гүл бөледі,
Жұрт келмеске жоғалды қашып құттан.
Заманнан кейін қалған әлдекімдер,
Шел даламды ойласа әлі шөл деп,
Құдіретін большевиктің көруге кел,
Ол шелдер кеткен қазір бақша, көл боп.
Келіншектей құлпырды кербез-керім,
Сырдария қарт анам қайта жасап,
Әр гектардан мың пұттан береді өнім,
Қай өнім басқа елде тайталаспақ?
Арқада екі өзенім Нұра, Есіл,
Өлкесі жасыл шалғын белуардан.
Мыңдап емес, миллиондап батыл өсір,
Біреуі жұтамайды баққан малдан.
Батыста Ойыл, Қиыл, Жем, Сағызым,
Астында толықсыған теңіз мұнай.
Жер қыртысын шығады шапши бұзып,
Бұрғыны тереңіне салсам бұрай.
Тел емген Азербайжан, Қарақалпақ
Ежелден көрші қонған ағайыным.
Каспийім мен Аралда жатқан жалпақ
Семіз бекіре, бұлқынып жүр жайыным.
Алтайдан Қарқаралы Қарағанды,
Мұғажарға тартатын жоным жатыр.
Таң қылатын аралап Қарағанды,
Кеншілерім шетінен жонып жатыр.
Не кен керек жаныңа бәрі әзір
Жерден іздеп таппайсың оңда жоқты.
Кешегі зор соғыста жауға атуға
Кендерім берді оннан тоғыз оқты.
Қанша қамтып алсам да шатырымнан,
Ешуақытта болмайды құру кенде.
Егер де тиылмаса шатығудан,
Сақтаған «сыбағам» кеп Трумэнге.
Мыңқ ететін түрім жоқ, тау сілкінсе,
Себебі — таудан биік менің еңсем!
Олай өспей қоям ба, мен еркімше
Ұлы Совет — анамның сүтін емсем.
Бір мен емес, Советтің бар адамы,
Биік жанды боп өсті, денесі алып,
Барар беті белгілі, нық қадамы,
Көш басшысы партия — жолы жарық.
1947
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі