Қырғызда – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Қырғызда» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 744
Дүниеге «қазақ» боп басқалы адым,
Араласа бірге өстім саған қаным.
Бірге көштім, үйімді қатар тіктім,
Бірге жайлап оттады баққан малым.
Бірге іштім «Шуын,» менен «Таласыңды».
«Ару» беріп алдым мен «Аяшыңды».
Сен жырласаң «Қамбар» мен «Тарғынымды»,
Мен жырладым «Семетей», «Манасыңды»
Қайғыға, қуанышқа болдық ортақ.
Жауды қарғап бірге өстік, досты алқап.
Бай мен манап ірітпек болғанменен
Жұбымызды нығайттық, кетпей тарқап.
Көтеріп ауырлықты нелер бірге,
Советтік, жеттік, міне, бақыт .күнге,
Алпыс ұлт, коммунизм бақшасында
Жайнадық түрлі түсті ұқсап гүлге.
Гүлденді тауымыз да, даламыз да.
Гүлденді ауылымыз, қаламыз да.
Жеткізген бұл бақытқа, мың сан алғыс,
Коммунистік партия — анамызға!

1951


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырғызда өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Қырғызда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырғызда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырғызда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері