Эльбруске – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Эльбруске» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 573
Сен санасаң бір кезде бар шығысты
Қозғалмайтын алыпқа қалғып жатқан,
Міне, қазір көресін, қандай күшті,—
Оянды шығыс
Күнінен Ленин жаққан.
Ленинизм сәулесі мені-дағы,
Шырт ұйқыдан оятып қосты іске.
Халқымның аспанға өрлей ұшты-бағы,
Рақат тауып, өн, түгіл, кірмес түске.
Еркін ұлы советтің серуендеп,
Міне, Эльбрус, кеп қалдым қасына мен.
«Победа» мен шығамын төсіңе өрлеп,
Самолетпен қонамын басыңа мен.
Сен ғана емес, қарт Кавказ, аралаймын
Ылди-ерің, таусылмас кең ішіңді.
Асау өзен, керемін көліңді айдың
Кюфтан менен татамын жемісіңді.
Батыр елмен сүйісіп амандасам,
Көптен бері келер деп мені күткен,
Өйткені, біз тұрғалы бірге қашан,
Саясында қызыл ту Ленин тіккен!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Эльбруске өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Эльбруске өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Эльбруске өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Эльбруске өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері