Өзiңдi-өзiң несiне алдайсың?

Бұл бетте «Өзiңдi-өзiң несiне алдайсың?» атты Исраил Сапарбай жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.07.2021
  • 0
  • 0
  • 832
Өзiңдi-өзiң несiне алдайсың?
Есi жоқтайсың, есi бардайсың.
Жат үйлiк болсам, жадыңнан шықпай,
Бақилық болсам, есiңе алғайсың.
Бағым боларсың, сорым боларсың…
Жанымда жоқсың, жолымда барсың.
Өмiрдiң өксiк өтiнен тамған
Мұңды өлеңдерiм соңымда қалсын.
Сол ғана болар дертiңе емiм,
Шарпылса шердiң өртiне демiң.
Көгенсiз көңiл, көксоққан өмiр
Көнбей де қойды-ау еркiме менiң.
Өзiңдi, менi несiне алдадың?
Кеңпейiл, кеще кеш ұғар бəрiн…
Қаңырап қалды-ау, қайран, көңiлiм,
Еңiреп қалды-ау есiл арманым!..
Өмiрдiң сезбей өтерiн демде
Түргендер қанша етегiн желге…
Ойға да сайға домалап басым,
Қаңбақша қаңғып кетемiн мен де!
…Өзiңдi-өзiң несiне алдайсың?
Есi жоқтайсың, есi бардайсың.
Кiнəлi болсам – кешiре алмайсың,
Кешiре алмасаң – есiңе алмайсың!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өзiңдi-өзiң несiне алдайсың? өлеңінің авторы кім?

Исраил Сапарбай — осы өлеңнің авторы.

Өзiңдi-өзiң несiне алдайсың? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өзiңдi-өзiң несiне алдайсың? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Исраил Сапарбай өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өзiңдi-өзiң несiне алдайсың? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері