Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің
Бұл бетте «Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің» атты Асан қайғы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ай, Хан ием, мен айтпасам, білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің,
Өзіңнен басқа хан жоқтай
Елеуреп неге сөйлейсің?!
Қорған салдың бейнет қып,
Қызметшің жатыр ішіп-жеп.
...Оны неге білмейсің?!
Қатын алдың қарадан,
Айрылдың хандық жорадан,
Ел ұстайтын ұл таппас,
Айрылар ата мұрадан!
Мұны неге білмейсін!?
Құладын құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүнін түледі.
Аққу - құстың төресі,
Ен жайлап көлді жүр еді.
Аңдып жүрген көп дұспан
Елге жау боп келеді:
Құладын қуды өлтірсе -
Өз басыңа келеді!
Құлың көп сені өлтірер,
Осыны Асан біледі,
Мұны неге білмейсің?!
...Тіл алсаң, іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір,
Мұны неге білмейсің!?
...Ай, Жәнібек, ойласаң,
Қилы, қилы заман болмай ма?
Суда жүрген ақ шортан
Қарағай басын шалмай ма?
Мұны неге білмейсің!?
Қош, аман бол, Жәнібек,
Енді мені көрмейсің!
Оленинизге рахмет
Олендериниз кушти екен
жақсы өлеңдері
Рахмет көп көмегі тиді
Рахмет өлеңдеріңіздерге көп көмегі тиді
Əдемі екен көп өлең
көп көп рахмет
Көп көп рахмет
Керемет емес оте керемет
Өте керемет жүрекке жетерліктей болды
Керемет өлең екен
Өте керемет өлең көп рахмет
Асанқайғы туралы қандай жұмбақтар бар?
Бұл өлең қай ханға арналған еді?
Өте керемет
Неге ұзақ
Неге ұзақ