Қызылжар – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Қызылжар» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 1769
Кей кезде жаңбырыңнан көз аштырмай,
Аяқты кей көшеңде саз бастырмай
Тұратын Қызылжарым, мен келсем-ақ,
Қоймайсың еш уақытта сен бас ұрмай.
Бұның не? Сағыну ма, сыйлауың ба?
Әзірмін не десең де илануға!
Емес пе, сондықтан да жыл сайын кеп,
Не әке, не шешедей қимауым да?
Көрдім мен, кеп қаланы алыс, жақын,
Керемет сұлуын да, таң қалатын,...
Токио, Лондон, Каир... өзгертпеді,
Жүректің саған деген махаббатын.
Мен саған құмар-дамын, ғашық-тамын,
Себебі,— өмірімнің ашық таңын
Ен, алғаш сенде көріп, бақыт үшін
Күресте тамды саған қасық қаным.
Есіме алсам тулап, сені — сезім,
Көрмесем жыртылардай болып төзім,
Келуім — қан-жынымен араласып,
Жерінде жатыр талай ая-көзім.
Адамын, аяқ басып жүрген тірі,
Болғанмен, кейі ұсақ, кейі ірі,
Бәрі де, сол достардың тамырынан
Дән тартып түрлі түспен өскен гүлі.
Тұрғының, үйің, көшең — бәрі қымбат,
Жеткенше тіл бояуы сені сырлап,
Қызылжар, қымбат қалам,— біткенше өмір,
Ең ыстық махаббатпен жүрем жырлап.

1961


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызылжар өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Қызылжар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызылжар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызылжар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері