Күнді сонарлау

Бұл бетте «Күнді сонарлау» атты Сәбит Мұқанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 814
Күнді қуып біз шықтық Алматыдан,
«Ил-18» бейне бір оқ атылған.
Шалдырмай күн, түлкідей зымырады,
Дала, орман, таулардың қыратынан.
Қыраннан құтылмасын кешке біліп,
«Түседі-ау,— деген шақта,— енді іліп»,
Құйрығы бұлғалаңдап, қайқаң қаға,
Сүп беріп ініне ол кетті кіріп.
Дамылдап біз бірер күн Москвада,
Бұлттың үстін, аспанның астын ала,
Сонарға шықтық түнде, сансыз жұлдыз,
Дегендей қалтырады,— «бастыра ма?!.
Аспанның мұхитына кеттік сүңгіп,
Тәжім ғып басын иді ай да мүлгіп,
Кәнігі, сақ саятшы — пилот бастап,
Ініне түлкі-күннің тура жүрдік.
Бір кезде кірдік тымық қараңғыға,
Тұмсығын тұңғиыққа қадалдыра
Келеді «Ил-18», кедергіні
Көретін қыран кезі бар алдында.
Осылай қараңғыны түре тіліп,
Шағында келе жатқан таң білініп,
Есіней бас көтерді қарт Алатау,
Тишталған өткен түнде көзі ілініп.
Бұл таудың ар жақта, бір саласынан,
Боялған таңға, бұлыт арасынан
Қылт ете қалды да күн, шапшып биік
Жөнелді қимылменен алас ұрған...
Бара бер, күн, қаша бер, биіктей бер,
Қуған сені соңыңнан киіктей, ел,—
Соғып бір күн, киеді сенен де ішік
Кешікпей орындалар үміттей ол!

1965


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнді сонарлау өлеңінің авторы кім?

Сәбит Мұқанов — осы өлеңнің авторы.

Күнді сонарлау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнді сонарлау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәбит Мұқанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнді сонарлау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар