Өлең, жыр, ақындар

Арудың даруы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Балдан тәтті, балдан тәтті шекер қыз!
Демесекте «біліспеген бөтенбіз».
Кездесіппіз, кездесіппіз бекер біз,
Көрсетпесең қара тастай қаттылық,
Бірдеңені бүлдіруші ек екеуміз.
Көрсетпесең қара тастай қаттылық,
Бірдеңені бүлдіруші ек екеуміз.
Сиқыр сезім қазанында жалынның
Жас бойжеткен, кешсе дағы жаның мұң,
Ұзай көрме ауласынан сабырдың.
Кей кездегі қаттылығы арудың –
Жігіт үшін нағыз өзі дарудың.
Кей кездегі жұмсақтығы арудың –
Жігіт үшін сылтау болар барудың.
Махаббаттың бақытынан үміткер
Мәжнүн сынды елти сүйген жігіттер!
Көңілдерді кеулемесін күдіктер
Кей кездегі қаттылығы арудың –
Жігіт үшін нағыз өзі дарудың.
Кей кездегі жұмсақтығы арудың –
Жігіт үшін сылтау болар барудың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арудың даруы өлеңінің авторы кім?

Мұзафар Әлімбаев — осы өлеңнің авторы.

Арудың даруы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Арудың даруы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мұзафар Әлімбаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арудың даруы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері